Әлем • 30 Шілде, 2020

COVID-19: Франциядағы сақтық шаралары

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Денсаулық сақтау бас басқарамасының деректері бойынша елде SARS-CoV-2 жұқтырғандар саны артуда деп жазады "Le Figaro" және "REGNUM".

COVID-19: Франциядағы сақтық шаралары

Елде КВИ жалмағандар саны 30 238-ге жетіп, бір тәуліктің жүзінде жаңадан 1400 жұқтырған адам анықталған. Францияның бірталай аймақтарында, мәселен, Бретань өңірінде тұрғындардың жүріс-тұрысына шектеу қойылған. Олардың қоғамдық жағажайларға, саябақтарға тек белгілі бір уақытқа ғана баруына болады, және адамдар арасында қашықтық ұстауға мүмкін емес жерлердің бәрінде тұмша тағып жүруі тиіс.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар мониторинг жүргізу арқылы SARS-CoV-2 жұқтырудың жастар арасында көбірек тіркеліп жатқанына тоқталған.