Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Алматыда өкпесінің 64 пайызы қабынған 87 жастағы әжей жазылып шықты

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда провизорлық орталыққа өкпесінің 64 пайызы қабынып түскен 87 жастағы әжей жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда өкпесінің 64 пайызы қабынған 87 жастағы әжей жазылып шықты

Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы пандемияға байланысты провизорлық орталыққа айналып жұмыс жасауда. Осыдан екі-үш апта бұрын мұнда күніне 20-25 науқас түскен болса, қазір орта есеппен 8-10 адамға азайды.

«Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы 5 наурыздан бастап провизорлық орталыққа айналып, қызмет жасап келеді. Шетелден ұшып келген 1800 азаматтың барлығы осы орталықта болды. Оның 152-нен инфекция анықталып, оларды жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырдық. Бірінші шілдеден бастап біздің орталықта 350 провизорлық төсек жасалды. Яғни М. Мақатаев көшесіндегі орталықта 180 төсек болса, Ә. Кекілбаев көшесінде - 170», – деді спикер.