Аймақтар • 30 Шілде, 2020

Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының 3 тұрғынынан құралған топ анықталған. Олар жақын маңда орналасқан "Райсай" жайылымынан жергілікті "Қалижан" шаруа қожалығына тиесілі 10 бас сиырды ұрлаған, - деп жазады Egemen.kz

Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды

Ұсталғандардың барлығы аталған шаруа қожалығында шопан болып жұмыс істеген. Олар әуелі 4 ірі қараны, бірнеше күннен кейін тағы 6 ірі қараны ұрлаған. Шығын 3,2 миллион теңгені құрайды.

Ал, Алматы облысының 36 жастағы тұрғыны өзі ғана Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылының маңында орналасқан "Бектай" жайылымынан 9 бас ірі қараны ұрлаған. Ұрланған малдың иесіне 2,7 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Департаменттің мәліметінше, ұсталғандардың барлығы өз кінәсін толық мойындап, малдар иелеріне қайтарылған. Тергеу басқармасы қылмыстық істерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 2,3-бөлігі, мал ұрлығы бойынша сотқа жіберген. Аталған қылмыс үшін олардың мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі кезде Жамбыл облысының Полиция департаменті мал иелеріне қырағылық танытуға, малдарын жайылымда қараусыз қалдырмауға және беймәлім адамдарға сенбеуге шақыруда. Әсіресе Құрбан айт мерекесі қарсаңында  ұрлық жасау ықтималдығы едәуір артуы мүмкін екендігін, азаматтарға өз малдарын бақылауды күшейтуі қажет екендігін ескертеді.

 

Жамбыл облысы