Парламент • 31 Шілде, 2020

Бірлескен өндірістер құрылатын болды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанға сапар аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Нижнекамск және Набережные Челны қалаларында болды. Онда Қазақстан мен Татарстан арасындағы өнеркәсіптік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бірлескен өндірістер құрылатын болды

Сапар барысында Роман Скляр Татарстан Премьер-Министрі Алексей Песошинмен және «КАМАЗ» ӨАҚ, «Татнефть» ӨАҚ, «Нижнекамскшина» ӨАҚ ірі өнеркәсіптік және қала құраушы кәсіпорындарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары өндірістік қуат көздерімен танысып, автомобиль жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, сондай-ақ автомобиль және өнеркәсіптік шиналар өндірісі саласында бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, «Татнефть» ӨАҚ мен «Аллюр» компаниялар то­бы» АҚ арасында Қазақстан Респуб­ликасында шина өндірісін ұйым­дастыру бойынша жол картасына қол қойылды. Жобаны іске асыру 800-ге жуық жұмыс орнын құруға және шиналарға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағат­тан­­дыруға, өндірісті оқшаулауға, көр­ші елдерге экспорттық әлеует­ті да­мытуға мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістік қуаты жеңіл тех­ника үшін 3 млн шинаны құрай­тын­дықтан, ұлғайту мүмкіндігін 3,5 млн шинаға дейін арттыруға болады.

Қазақстандық тарап тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, отандық өнеркәсіпті дамыту жә­не импортты алмастыру мәсе­лелері Үкімет қызметінің басым ба­ғыттары екенін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойын­ша тараптар екіжақты сауда-эко­номикалық және инвестициялық ын­ты­мақтастық жобаларын іске асы­ру жөніндегі жұмысты жан­дан­дыруға келісті.