Спорт • 31 Шілде, 2020

Атырауда 216 мың адам спортпен тұрақты шұғылданады

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 216 мың адам спортпен тұрақты шұғылданады

Биылғы алты айда  дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты түрде шұғылданатын атыраулықтардың   саны 509-ға көбейіп, 216 000 адамға жетті.

"Қазіргі жағдайға байланысты көптеген спорттық шаралар кейінге шегерілді. Соған қарамастан, біздің спортшыларымыз салауатты өмір салтын насихаттап келеді.  Олар Төтенше жағдай кезінде "Үйде бол" челленджін қолдап, өз үйінде жасаған жаттығу жұмыстарымен бөлісуді қолға алды. Жаттықтырушылар спортшылардың үй жағдайында жаттығуына арнайы бағдарлама жасап, жаңа онлайн режимде жұмыс жасауда. Одан бөлек, 50-ден астам спортшы тікелей эфирге шығып, онлайн сабақтар жүргізді", дейді  Ринат Ибрагимов.

Оның мәліметіне қарағанда, биыл  Қызылқоға ауданы мен Атырау қаласында футбол алаңы ашылды. Ал, облыс орталығындағы  Нұрсая ықшам ауданында жеке иеліктегі "Тоныкөк" көп фунционалды спорт кешені спортшыларды қабылдай бастады. Биыл қолданыстағы  1 107 спорттық нысанның қатарына тағы да бесеуі қосылыпты.