Тараптар екі ел арасындағы теміржол және автомобиль тасымалына қатысты өзекті мәселелерді және өткізу бекеттеріндегі жағдайды талқылады.
"Сондай-ақ шекара өткелдерінде жүк автокөліктерін өткізуді арттыру және Достық-Алашанькоу халықаралық аралығында жүк вагондарын технологиялық өңдеуді күшейту жайы сөз болды. Биылғы 6 айдың қорытындысында "Бір белдеу – бір жол" Жібек жолы бағытымен транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 64% артты. Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы жүк тасымалы 22%, Алтынкөл – Қорғас арқылы 58% ұлғайды", - делінген хабарламада.
Жалпы биыл бірінші жарты жылдықта екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалының көрсеткіші 30% артты. Бұған коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдан кейін Қытай экономикасының қалпына келуі оң ықпал етті.