Білім • 31 Шілде, 2020

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады

105 рет көрсетілді

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) КТ өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электрондық нысанда беріледі.

КТ 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өтеді. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі.

Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады. 

 

Тестілеу уақыты - 3 сағат 55 минут, тапсырмалар саны - 130.

 

Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін.

 

Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Ұстаз жолы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар