Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 31 шілде және 1-2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесі күндері бірқатар шектеулер енгізілді.
Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қала аумағына (құрбандық шалуды онлайн режімінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда) малдарды алып келуге тыйым салынады және осындай жайттардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының кіре берістерінде 17 бекет қойылды.