Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Павлодарда 185 мұқтаж отбасына ет таратылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласы бойынша Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режімде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда 185 мұқтаж отбасына ет таратылды

Жалпы облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 170-ке жуық тапсырыс беріліп, оның 120-сы мал құнын онлайн төлеген болатын. Ал мұқтаж болған 355 отбасы ет алуға өтініш берген еді. Өтініш түсіру әлі де жалғасуда.

Осы тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметшілері қала шетіндегі "Құлагер" атшабарында құрбан шалу аманатын аса ұқыптылықпен орындады, әлбетте құрбан шалу ертең де жалғасады.

Өтініштер бойынша құрбандық етін мұқтаж отбасыларға  мекенжайы бойынша жеткізілді. Мәселен, айттың алғашқы күні 122 қой, 1 қара  мал құрбан шалынып, әрқайсысына 5-6 келі ет салынған 200 пакеттің 185-і мұқтаж отбасыларға жеткізілді.