Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметiнің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында - 5, Екібастұзда - 3, Ақсуда - 3 бекет орнатылған.
"Бұдан басқа, құрбандық шалу ережелерін сақтамау фактілерінің жолын кесу мақсатында полиция және ветеринария қызметкерлері енген жұмыс топтары құрылды. Олар рұқсатсыз жұмыс iстеген цехтарды, сондай-ақ құрбандық шалу рәсімін өткізу орындарын тексеруді жүзеге асырады", - деді баспасөз қызметінде.