21 Қазан, 2013

Павлодардан табылған сәби ауруханаға жеткізілді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 10-SabuПавлодар облысының Ақсу қаласындағы қараусыз қалған хоккей кортынан 3 жасар ер бала табылды. Ұйықтап жатқан бұл баланы көрген азаматша дереу полицияға хабар берген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Әзірге сәбиге ешкім іздеу салмаған көрінеді. Ол өзінің есімі Батырхан екенін айтқан. Оның айтуынша, әкесі Марат жұмыс істемейді. Ал әжесінің аты Сайлау. Ол қалада тұрады. Құрмет және Дамир деген достары бар. Батырханның көршісі (үйінде ақ машинасы бар) Зарема есімді қыз бала көрінеді.

Бақытбек Кенешұлы.
Соңғы жаңалықтар