Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Замзагүл Дощанова өңір тұрғындары арасында COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сүйеніп шешім қабылдады.
"2020 жылдың 31 шілдесі, 01 және 02 тамыз демалыс күндері қоғамдық көліктердің (автобустар, трамвайлар, маршруттық таксилер) және серуендейтін өзен көлігінің жұмысы тоқтай тұрсын", - делінген қаулыда.