Спорт • 30 Шілде, 2020

Биатлоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін мерзім анықталды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық биатлоншылар одағы жаңа маусымға арналған жарыс күнтізбесін бекітті деп жазады Olympic.kz. 

Биатлоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін мерзім анықталды

Алдағы маусымда әлем кубогінің тоғыз кезеңі өтеді.  2021 жылғы әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында ұйымдастырылмақ.

Аталған әлемдік дода жетінші және сегізінші әлем кубогі кезеңдерінің аралығында өтеді. 

Алдын ала жоспар бойынша біріншілік 9-21 ақпан аралығында ұйымдастырылады. 

Айта кетелік, әлем кубогінің бірінші кезеңі 28-29 қараша күндері Финляндияның Контиолахти қаласында басталады.