Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестерінің (ҚК) төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоғамдық кеңестерге қатысты әлеуметтік нормалар мен ережелерді бір жүйеге келтірудің өзекті мәселелері қозғалды.
«Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ете отырып, институционалдық реформаны қозғаушы күшке айнала алмай отырғаны жасырын емес. Өкінішке қарай көптеген жағдайларда қоғамдық кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдар тарапынан қараусыз қалады. Бұл тұрғыда мемлекеттік шараларды қоғамдық бақылау әрқашан да пәрменді тетік болып қала бермек. Пандемия бұл жұмыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетті», деді А.Балаева.
Сондай-ақ кездесуде қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Министрлік жақын арада қоғамдық кеңестердің іске асырылып жатқан барлық жобаларымен танысып қана қоймай, оларға одан әрі қоғамдық бақылау бастамасымен талдау жасауды көздейтін мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталын іске қосуды жоспарлап отыр.
Кездесуде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жағдай жасауға бақылау жүргізу жөніндегі мәселелер де қаралды. Бұл бағытта бүгінгі таңда министрлік жанынан арнайы комиссия құрылған. Қоғамдық кеңестерге мәселелер көтерумен ғана шектелмей, тәжірибе алмасуда да белсенді болу ұсынылды.
– Қоғамдық кеңестердің әлеуеті өте жоғары. Тек оны барынша пайдалану керек және институттық еркіндікті көбірек көрсету керек. Адамдар бізден осыны күтіп отыр, – деп атап өтті министр.
Алматы қаласының, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық кеңес төрағалары жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, пандемия кезеңінде қоғамдық кеңестердің қоғам өміріне белсенді қатысуын жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Осылайша, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов ҚК-ке әдістемелік қолдау көрсететін Республикалық әдістемелік орталық құруды ұсынды. Бұдан басқа, ол ҚК туралы заң жобасына өнеркәсіптік өңірлердегі шетелдік компаниялармен өзара іс-қимылға қатысты түзетулер енгізуді ұсынды. Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Алшанов алдағы сайлауда мәслихат депутаттығына сайлау үшін қоғамдық кеңестердің лайықты мүшелерін ұсыну туралы пікірін айтты.
Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Аймағамбетов өңірлердің экологиялық әл-ауқатын жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтты. Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ.Едіресов өз сөзінде ауыл жастарын қолдау, оларды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәлімдеді.
Бұдан басқа, қоғамдық кеңестер Мемлекет басшысының карантинді екі аптаға ұзарту туралы шешімін бірауыздан қолдады, бұл ретте мұндай шаралар халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына оң ықпал ететінін атап өтті.
Жалпы, кездесу аясында қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіруге және олардың рөлін арттыруға ықпал ететін бірқатар перспективалық тетіктер ұсынылды. Олардың ішінде ҚК-нің үйлестіру орталығын құру, орталық деңгейде ұсынымдар мен шешімдерді одан әрі әзірлеу үшін өзекті мәселелердің бірыңғай базасын құру, ҚК өкілдерінің, оның ішінде сараптамалық орталықтардың әлеуетін арттыру, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мүшелерінің бастамаларын қолдау бойынша шағын гранттар бағдарламасын іске асыру ісі бар.
Кеңестердің министрлікпен одан әрі өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында Азаматтық қоғам істері комитетімен 10 күнде бір рет, министр А.Балаевамен айына бір рет, Үкімет деңгейінде әрбір жарты жылдықта қоғамдық кеңестермен тұрақты кездесулер ұйымдастыру ұсынылды. Сондай-ақ министрлік мұндай кездесулерді жарты жылда бір рет Үкімет деңгейінде өткізіп отыру туралы ұсыныс енгізетін болады.
Министр Үкімет жанынан ҚК үйлестіру орталығын құру, өзекті мәселелердің бірыңғай базасын ашу, сарапшылар базасын қалыптастыру арқылы қоғамдық кеңес сараптамалық әлеуетін күшейту қажеттігін атап өтті.
А.Балаева, кездесуді қорытындылай келе, министрліктің қай кезде де ынтымақтастыққа ашық және барлық мәселелер бойынша өзара диалогқа дайын екенін атап өтті. Бұл тұрғыда қоғамдық кеңестер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Айта кетейік, қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысаны ретінде 2016 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде құрылды. Бұл мемлекеттік емес институттар мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, бақылаушы органдар болып табылады.
Бүгінде Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейлерде 234 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (Республикалық деңгейде – 18, өңірлік деңгейде – 216). Қоғамдық кеңестердің жұмысына 3500-ден астам адам қатысады.
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар