Бағдарламалар • 03 Тамыз, 2020

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазақстан"  телерадиокорпорациясы 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

Ұсыныстар келесі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады:

• ұлттық, отбасылық құндылықтар;

• тарихи тұлғалар және тарихи мұраны насихаттау;

• әскери-патриоттық (спорт әлеміндегі көрнекті тұлғалар);

• ретроспектива;

• медицина;

• білім, кәсіп игеру, жастар тәрбиесі;

• табиғатқа қамқорлық;

 • ауыл тыныс-тіршілігі;

 

Тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша төменде аталатын көрнекті тұлғалар туралы телехикаяларға ұсыныстар қабылданады: Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Дина Нұрпейісова және есімі тарихқа айналған абыз Домалақ ана өмірі жайындағы туындылар. 

 

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Жобаның идеясы, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы тиіс. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан ғана қабылданады.

 

Өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін ([email protected] электронды поштасы арқылы) жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше