03 Тамыз, 2020

Алыптар көшін Тайсон Фьюри бастап тұр

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Ring журналы қазіргі кезде аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген кәсіпқой боксшылардың арасындағы мықтыларды анықтап, солардың тізімін жария етті.

Алыптар көшін Тайсон Фьюри бастап тұр

Үздіктер көшін Тайсон Фьюри бастап тұр. 12 тамызда 32 жасқа толғалы отырған Ұлыбританияның өкілі бұл күндері WBC нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленуде. 12 жылға жуық уақыт бойы кәсіпқой рингте жұдырықасып жүрген ол сол аралықта 31 кездесу өткізіп, 30 рет жеңіске жетті. 21 қарсыласын нокаутқа жіберді. Тек 2018 жылдың 1 желтоқсанында Деонтей Уайдлермен болған жекпе-жекте тең есеп тіркелген болатын. Алайда биыл қыста қос мықтының жолы қайта қиысып, сол бәсеке Фьюридің басымдығы еш күмән туғызған жоқ. Жетінші раундта Уайдлердің секунданттары рингке ақ орамал лақтырды.

Сондай-ақ, "ТОП-10" боксшының санатына Энтони Джошуа (23-1-0), Диллиан Уайт (27-1-0), Деонтей Уайлдер (42-1-1), Луис Ортис (31-2-0), Александр Поветкин (35-2-1), Джозеф Паркер (27-2-0), Майкл Хантер (18-1-1), Оскар Ривас (26-1-0) және Кубрат Пулев (28-1-0) сынды гүрзі жұдырықты жігіттер енді.