Елорда • 03 Тамыз, 2020

Елордада Құрбан айт мерекесінде 5 мыңға жуық отбасына ет таратылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілді және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елордада Құрбан айт мерекесінде 5 мыңға жуық отбасына ет таратылды

Нұр-Сұлтан қалалық Дін істері басқармасының хабарлауынша, Құрбан айт мерекесі кезінде 500 ерікті және 200 авто-еріктілердің көмегімен 5000-ға жуық отбасы құрбан етімен қамтылды.

Құрбандық етін тарату барысында қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік ережелерін тодықтай сақталды. Қоғамдық қауіпсіздікті және адамдардың көп мөлшерде жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болды.

Осы орайда, алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында "qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына үлестірілді. Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтті.