Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Дәріні қымбатқа сатқандар ұсталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыында дәрілік заттарды заңсыз сату, бағасын өсіру фактісі әлі де кездесіп отыр деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дәріні қымбатқа сатқандар ұсталды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дәрі-дәрмекті жоғары бағамен заңсыз сатқан екі оқиғаны анықтаған.

Оның бірінде Орал қаласының тұрғыны дәрі-дәрмектерді Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан. Одан жалпы құны 128 000 теңгені құрайтын «Цефтриаксон» және «Ледокаин» дәрі-дәрмектері табылып, тәркіленді.

Екінші оқиғада Оралдағы дәріханалардың бірі «Инфлюцид» препаратына белгіленген баға - 2571 теңге болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 15.07.2019 жылғы бұйрығын бұзып, дәріні 3500 теңгеге сатқан.

Осы оқиғалар бойынша хаттама толтырылып, жиналған материалдар Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау бөліміне жіберілді. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.