Кеңесшінің сөзінше, Рональд Рейган заманынан бері ешбір президент Мәскеуге қатысты дәл Трамптай батыл шешімдерге бара алған жоқ.
"Президент Трамп Рейган секілді Ресеймен достасудың жолдарын іздеуде. Бұл жол Ресейдің шет елдердегі агрессиядан тартынып, АҚШ пен Еуропа үшін достық әріптестікке келуін қарастырады" деп мәлімдеді О’Брайен.
Мұндай жағдайда екі ел арасындағы сауда өркен жайып, Мәскеуге қарсы қолданылып отырған санкциялар қажетсіз болып қалар еді деп есептейді ол.
Оның сөзінше, Вашингтон қазіргі шектеу шараларын "Ресейдің Құрама Штаттар мен оның одақтастарына қатер төндіретін әрекеттерін ескере отырып" енгізген. Ресей ондай әрекеттерден бас тартып, достық қарым-қатынасқа келетін болса, ол шектеулер қажет те болмас еді.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен The Washington Post-тағы мақаласында Мәскеу мен Вашингтон арасындағы достық қарым-қатынас орнаса, бұл екі ел ғана емес, бүкіл әлем үшін де тиімді болатынын мәлімдеді. Осы ақпаратты РБК таратты.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10