Батыс Қазақстан облысында жиналып қалған тұрмыстық қалдықтардың көлемі 6,3 млн тоннаға жеткен. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде жылына 108 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық пайда болады.

Оралдағы оралымсыздық
Тұрмыстық қалдық, қоқыс мәселесі – соңғы ғасырда күллі адамзаттың басын ауыртқан күрделі тақырып болды. Бірақ ілім-ғылымы және саяси санасы алға кеткен біраз мемлекет бұл мәселені оңымен шешіп, қалдықты кәдеге жаратуда адам қызығарлық нәтижелерге жетуде. Сол дайын үлгіні қолданып-ақ еліміз экологиясын дұрыстап, экономикасын дамытар еді. Алайда бұған сол баяғы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, экологиялық мәдениетіміздің төмендігі, жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмау кедергі болуда...
Орал қаласының тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған полигоны 1975 жылы ашылыпты. Әу баста 25 жылға жоспарланған полигон бүгінде әбден толған. Құжат бойынша пайдаланылуы тағы да 25 жылға ұзартылғанымен, бұл полигон барлық мүмкіндігін тауысқаны анық.
«Қала аумағы жедел үлкейіп, тұрғындар саны тез көбейгендіктен, тұрмыстық қалдық көлемі де еселеп артты. Сондықтан қазіргі полигон бұл қоқысты қабылдап, заманауи талапқа сай залалсыздандыра алмай отыр. Осының салдарынан қоқыс жиі өртеніп, экологиялық ахуалға да теріс әсер етуде» делінген 2019 жылдың қорытынды есебінде.
Бұл рас. Былтыр жыл бойы полигонға іргелес жатқан Кең дала, Сарытау, Көктем шағын аудандары, жалпы тұрғындар саны 50 мыңнан асатын Зачаганск кенті жаз бойы көк түтінге тұншығып шықты. Наразы болған тұрғындар көшеге шығып, әкімді жауапқа шақырған кезі де болды. Әрине өрттің шығуына ондаған жылдар бойы жиналған қоқыстың өздігінен қызып, жануы себеп делінеді. Бірақ полигон қожайындары мен сол қоқыс полигондарынан металл қалдығын т.б. іздейтін қаңғыбастар үшін бұл өрттің пайдасы да аз емес: қоқыс азаяды, орын босайды...
Орал қалалық қоқыс полигоны 2017 жылдан бері «ICM Recycling» компаниясының құзырында. Полигонды 10 жылға сенімді басқаруға алған компания әу баста қалдықты қайта өңдеп, тіпті полигонда жиналған қоқысты биогазға айналдырып, электр қуатын алатын супер жобаны жүзеге асыруға тиіс еді. Осы тақырыпқа 18 ай бұрын жазған мақаламызда қатты қалдық өңделе бастағанын да сүйіншілегенбіз. Алайда «қоқыстан алынған қуатты» пайдаланатын күн әлі алыс сияқты. Жақында ғана «Creen Service Company» компаниясы қоқысты сұрыптаумен айналысатын 75 адамды қызметке алатынын айтып, облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев әлеуметтік желіде хабарландыру жариялады. Ал қалдықты қайта өңдеу ісінде әлем бойынша алдыңғы қатарлы фин технологиясын Қазақстанға шақырып, 2016 жылдан бері финляндиялық «ICM Recycling Creen Service Company» компаниясымен келіссөз жасап жүрген «Finnish Business Hub» орталығының директоры Мұхтар Мәнкеев бүгінде облыс әкімінің бірінші орынбасары. Осындай жоғары деңгейде қолдау көрсетіліп отырғанымен, өңірде неге қоқыс мәселесі күн тәртібінен түспей келеді?
Жарылуын күтіп жатқандай...
Орал қаласындағы қоқыс мәселесін зерттеп жүріп көп жұрт біле бермейтін, бірақ салдары болжап болмайтын экологиялық апатқа апаруы мүмкін тағы бір жайтке куә болдық. Бұл – бұрынғы Орал қалалық улы қалдықтар полигоны.
Жоғарыда сөз болған қалалық қоқыс полигонымен жапсарлас жатқан бұл аумақ «қауіптілігі І, ІІ, ІІІ сыныпты өндірістік улы қалдықтарды сақтауға арналған полигон» ретінде 2002 жылы жобаланған екен. Жалпы аумағы 19,5 гектарлық бұл полигонда мұнай қалдықтарын, бұрғылау кезінде пайдаланған улы заттар қосындысын, сынап лампаларын т.б. улы қалдықтарды уақытша сақтайтын, залалсыздандыратын, жоятын арнайы орындар, әкімшілік-шаруашылық құрылыстар, автогараж, өртсөндіргіш резервуарлар, т.б. құрылымдары бар үлкен кешен тұруы тиіс екен.
Бұл полигон 2009-2011 жылдар аралығында «West Ecology project» ЖШС-ның басқаруында болған. Құжаттарға қарағанда осы кезеңде бұл полигонға 2 мың тоннадай мұнай қалдықтары әкелінген. Арнайы беті ашық резервуарларға құйылған осы қалдық әлі күнге дейін жатыр.
2011-2014 жылдары бұл нысан қараусыз қалып, әбден тоналған. 2014-2018 жылдар аралығында «БатысЭкоОрталығы» ЖШС-ның сенімді басқаруында болған.
– Кезінде мемлекеттің 260 млн теңге қаражатына салынған бұл полигонды 2014 жылы біз басқаруға алған кездегі ахуал өте қиын еді. Аз уақытта тәртіпке келтіріп, күзет қойып, бақылау орнаттық. Өйткені мұнда жатқан 2 мың тоннаға жуық мұнай қалдығы – өте қауіпті. Құдай бетін ары қылсын, бұған от тиіп, өртенетін болса, бізде мұны сөндіретін технология жоқ, – дейді оралдық кәсіпкер Дәуренбек Сахым.
Ол өзі де көп жылдан бері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу ісімен айналысып жүрген маман екен. «Қалдықтарды қайта өңдеу кешені» болып атауы өзгерген полигон 2018 жылы қайтадан иесіз қалды. «БатысЭкоОрталығы» ЖШС-мен арадағы келісімшартты үзген Орал қалалық әкімдігі полигонның одан арғы тағдырын бір Құдайға тапсырғандай.
Арнайы барып, аралап көрдік, иесіз, ашық-шашық, ақырзаманның алдындағы аласапыранды көз алдыңа елестететін көрініс. Ғимараттардың бәрі тоналған, есік-терезесі жоқ. Тонаушылар, әсіресе сатып пайдаға асыратын металл іздеген сияқты, автокөлік гараждарының алып темір қақпаларынан бастап, жердегі құдық қақпағы мен темір ернеуін де қалдырмаған. Кезінде мемлекеттің қыруар қаржысына салынған, тиісті мақсатына пайдаланылмағандықтан талан-таражға түскен нысанға тиісті тексеруші органдар назар аударса дейміз.
Жаңа полигон керек
1975 жылы салынған Орал тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны өз ресурсын толық жұмсады дедік. Енді бұл мәселенің шешімі – қалдықтарды өңдеу жүйесі жолға қойылған жаңа полигон ашу.
Айта кетейік, мұндай полигон орны даяр. Қазіргі полигон аумағынан 7 шақырым жерден көлемі 70 гектарлық алқап дәл осы мақсатқа бөлініп, жоспарланған. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Сараптаманың оң бағасын алған жағдайда жаңа полигон құрылысы шамамен 2,8 млрд теңге болады деп күтілуде.
P.S. Қоқыс мәселесін қадағалап қарағанда, Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу ісімен айналысатын компаниялар жиі өзгеретіні байқалады. Және бұл қала мен облыс басшыларының ауысуымен де сәйкес келіп отыратындай. Кәсіпкердің «Бізде қазір қалдықты өңдеу жүйесін дамыту, пайда келтіретін деңгейге жеткізу қауіпті болып тұр. Кәсібіңнен айрылып қалуың оп-оңай» деген сөзі ойландырып тастады...
Батыс Қазақстан облысы
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ұқсас жаңалықтар