Коронавирус • 04 Тамыз, 2020

Израильде вирус жұқтырғандар бір тәулікте 1615 адамға жетті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Израильде вирус жұқтырғандар бір тәулікте 1615 адамға жетті

Індет әлемге тарағаннан бері Израильде SARS-CoV-2-ні жұқтырған 74 903 адам анықталған. 3 тамызда коронавирус инфекциясынан 10 адам көз жұмса, COVID-19-дың және оның салдарынан өршіген аурулардан 546 израильдіктің демі тоқтаған.

Тек өткен тәулікте жаңадан 801 адам вирус жұқтырып, дәрігерлердің жіті қарауындағы 24 600 паценттің 333-нің жағдайы ауыр күйде көрінеді.