Оңтүстік Қазақстан • 04 Тамыз, 2020

Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиялық ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты

"Қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталды.  Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні  политехникалық колледжде ашылған стационарда 250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда 300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда 400 орын уақытша қызметін тоқтатты", деді. 

Уақытша жұмысын тоқтатқан станционарлар эпидемиялық ахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.

Сондай-ақ  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде,  қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.