Әлем • 05 Тамыз, 2020

Бейруттағы жарылыста 400 адам ауруханаға жеткізілді

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарылыс салдарынан кем дегенде 400 адам аудандық ауруханаға жеткізілді, дейді медбике. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бейруттағы жарылыста 400 адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін сейсенбінің кешінде аяқ-асты Бейрут теңіз портында болған жарылыс салдарынан 400-ге жуық жаралы дереу Диу ауруханасының  жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.

Кезекші медбикенің хабарлауынша, жаралылардан алынған жарақаттардың ауырлығы бірден анықталмады. Әлі де науқастар саны көбейіп жатқанын айтып өтті.