Әлем • 05 Тамыз, 2020

Бейруттегі жарылыстың себептері белгілі болды

6301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ливан астанасы Бейрут портта болған екі жарылыс салдарынан 78 адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам жарақат алды. Биліктің ресми хабарлауынша, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы) портта қауіпсіздік шараларынсыз ұзақ сақталғаннан кейін жарылған. Бұл туралы  ВВС агенттігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Бейруттегі жарылыстың себептері белгілі болды

Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, ол Бейруттан 240 шақырым жерде орналасқан Жерорта теңізінің Кипр аралына да естілген. Ливан Қызыл Кресті Бейруттағы ауруханалардың адамға толып кеткенін хабарлады.

Ливан президенті Мишель Аун елде үш күнге созылатын аза тұту күнін жариялады. Сондай-ақ оқиғаның салдарын жою үшін 100 миллиард лира (66 миллион АҚШ доллары) бөлуге уәде берді. Бейрут апат аймағы деп жарияланды. Билік әскерді қауіпсіздік үшін пайдалану құқығын алды.