Экономика • 05 Тамыз, 2020

Биткоин-майнерлердің Қазақстанға тартылудағы сыры неде?

535 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Биткоин-майнерлердің стратегиялық бағдарында Қазақстан маңызды бағытқа айналды. Криптовалюта нарығын тиімді бағадағы инфрақұрылымсыз дамыту қиынға соғатындықтан инвестициялық тартымдылықтың басты себебі елдегі арзан электр энергиясында жатса керек. Ресми мәліметтерге сәйкес, жылдың соңына қарай жергілікті крипто-майнингтік операцияларға салынған инвестицияның жалпы көлемі екі есеге артып, үш жыл ішінде оның мөлшері 738 млн долларға дейін артады деп күтілуде.

Биткоин-майнерлердің Қазақстанға тартылудағы сыры неде?

Соңғы уақытта Қазақстан Үкіметі криптографияға байланысты оң көзқарас білдіріп келеді. Алайда бұл мәселеде заңнамалық тетік әлі де айқындалған жоқ. Тіпті басты қаржы реттеуші орган тарапынан криптовалютаға толықтай тыйым салуға қатысты ұсыныс айтылған кездер болды.

Айталық, 2018 жылы Ұлттық банкті басқарған Данияр Ақышев ведомство барлық цифрлы ақшаға тыйым салу жолдарын қарастыратынын мәлімдеген еді. Десе де бірнеше айдан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев криптовалютаны реттеу бағытында жаһандық ынтымақтастыққа шақырып, бірақ та бұл сегменттің дамытылатыны немесе тежелетіні туралы айтылмай сол күйі белгісіз қалды.

Бұдан бір жыл бұрын (2017 жылы) Астана халықаралық қаржы орталығы Үкіметтің қолдауымен қазақстандық цифрлы активтер нарығын арттыру мақсатында Мальтаның Exante фирмасымен келісімге қол қойып, Ұлттық банк инвесторларға қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерді сату үшін блокчейнді пайдалану мүмкіндігін қарастыратынын жеткізген-ді.

Былтыр жағдай тұрақталып, жергілікті крипто-майнерлер үшін жағымды жаңалыққа толы болды. Мәселен, заң шығарушы орган цифрлы платформада өндірілген активтер фиатты ақшаға айырбасталғанға дейін бұл қызметке салық салынбайтынын хабарлады. Өйткені, криптографиялық өндіріс кәсіпкерлік қызметтен гөрі, тек «технологиялық процесс» ретінде қарастырылады.

Ірі халықаралық майнерлерге хостинг қызметін ұсынатын Xive крипто-майнингтік сауда алаңының негізін қалаушы Дидар Бекбауовтың айтуынша, республикадағы жағдай көңіл көншітерліктей болғанымен оның тұтастай құрылымы жетілдіруді қажет етеді.

«Тиісті заң жобасында майнерлер өз қызметі жайлы үкіметке есеп беруі міндетті деп жазылған. Алайда оның іс жүзінде қалай орындалатынын ешкім білмейді», деді Д.Бекбауов.

Оның сөзіне сенсек, Қазақстанда цифрлы валютаны өндірумен қытайлық, жапониялық және басқа да азиялық компаниялар айналысады. Сонымен қоса бірнеше елде фермалары бар Genesis Mining халықаралық бұлтты тау-кен компаниясы мен штаб-пәтері Амстердамда орналасқан Bitfury тау-кен электр стансасы да қызмет етіп жатыр.

Сала маманы жоғарыдағы инвесторларды нарықтың тәжірибелі қатысушылары екенін, сол секілді цифрлы платформада орындалатын қазба жұмыстарының 90% биткоинның блокчейн тізбегінде жүзеге асырылатынын айтты. Xive сауда алаңының иесі Қазақстанда электр энергиясын артығымен өндірілетіндіктен шетелдік компаниялардың келуі жергілікті инвесторлардың жұмысына қиындық келтірмейтінін жеткізді.

Сондықтан да осы бағыттағы негізгі инвестициялық тартымдылық әлі күнге дейін шешімін таппаған нормативтік базада емес, қалтаны қақпайтын электр қуатының тарифі болып тұр. 2019 жылдың желтоқсан айындағы жағдайды ескерсек, республика аумағында электр энергиясының бағасы жеке тұлғаларға киловатт-сағаты 0,041 доллар көлемінде (17,23 теңге) және заңды тұлғаларға 0,049 доллар (20,59 теңге) көлемінде белгіленген.

Криптовалютаның өндірісіне келгенде, электр энергиясы бағасының маңыздылығы арта түседі. Мамырда биткоинға сұраныс екі есе азайғанда бұл мәселе тіптен өзектеніп, цифрлы қазбамен айналысатын кеншілердің алдында екі таңдау тұрды. Нақты айтқанда, құрал-жабдықтарды сату не болмаса қажетті қуат тарифы арзан Қазақстан, Ресей, Таяу Шығыс және Оңтүстік Америка секілді аймақтарға көшу.

F2pool жаһандық бизнес жөніндегі директор Томас Хеллердің айтуынша, арзан тарифтен бөлек Қазақстанның географиялық орналасуы виртуалды ақшаның ошағына айналуға әсерін тигізіп келеді.

«Қазақстан майнинг үшін (криптовалюта өндірісі) тиімді жерде орналасқан. Климаты салқын және Қытаймен көршілес. Бұл қытайлық майнерлерге ескі буындағы қондырғыларды өз елдерінен Қазақстанға көшіруге оңтайлы және Сычуань су электр стансасының жұмысы тоқтағанда арзан энергияны пайдалануға сәтті мүмкіндік», деді Т.Хеллер.

Д.Бекбауов жергілікті тау-кен өндіру кәсіпорындары Екібастұз, Қарағанды, Павлодар және Тараз сынды электр энергиясының өндірісі жоғары аймақтарда орналасқанын, сондай-ақ елде жыл он екі ай бойы крипто-майнинг индустриясына қолайлы климат қалыптасқанын айтады.

ТМД аймағында биткоин майнингін бірлесіп орналастыру қызметінің ірі тасымалдаушысы BitRiver-дің коммерциялық директоры Дмитрий Ушаков те Қазақстандағы қолайлы тариф инвесторларды қызықтыратынын растады.

Әйтсе де елде «арзан электр энергиясының табиғи алғышарттары жоқ» деп нақтылады ол. Себебі оны негізінен көмір электр стансалары өндіруде. Сарапшы қазақстандық майнингтің басқа да кемшіліктеріне тоқталып, дәлірек айтқанда аймақтағы тұтастай тұрақсыз ахуал мен жергілікті крипто-фермалардың қауіпсіздігі жеткілікті дәрежеде қамтылмаған деді.

«Бұл қауіпті. Неге десеңіз, ел ішінде электр энергиясы бағасының тез өзгеруіне ықпал ететін фактор аз емес. Тағы бір ескеретін мәселе бұл – цифрлы қазба нысандарының қауіпсіздігі. Олар көбінесе қысқа уақытта қолданыстан шыққан ескі инфрақұрылыммен жасалатынын айта кету керек», деді Д.Ушаков.

Осыдан бір ай бұрын Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің экс-министрі Асқар Жұмағалиев 2023 жылға қарай ведомство криптовалюталардың өндірісіне байланысты 300 млрд теңге немесе 738 млн доллар инвестиция тартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Қазақстанның аталған сегменттегі пайдалы қазбаларды өндіру бойынша амбициялық жоспарлары бір қарағанда таңғаларлықтай көрінуі мүмкін, дегенмен мұны растайтын статистикалық деректер жоқ емес. Бұрынғы басшысының сөзіне сенсек, бүгінде криптовалютаны өндірумен айналысатын 14 ферма жұмыс істеп, оларға шамамен 201,7 млн доллар көлемінде инвестиция құйылды.

2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру көрсеткіші биткоиннің орташа айлық хэш-бағамының шамамен 6,17%-ын құрады. Ресейде оның көлемі 6,9%, АҚШ-та 7,24% және Қытайда 65% -дан асады.

Стивен О'Нил,

Cointelegraph.

Дайындаған:

Жақсылық Мұратқали,

«Egemen Qazaqstan»