Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Көпекең бұл жерде жалпы адамзаттық күлкі турасында емес, қазақ әзілінің қазіргі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмәніміз жоқ. Сатирик сөзінен аңдағанымыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзіндегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.

Жалпы, қазекеңді күлкінің пәлсапасына тым әріден қараған бірегей ұлт дейтін едік. Риясыз күлкі, ащы күлкі, мысқыл, орынсыз күлкі, кекесін, дарақы күлкі, жымию, езу тарту, күлімсіреу, қарқылдау деп бір ғана күлкінің өзін жіктеп-жіліктеп тастайтын жұрт сол күлкіні бүгінде бұлай ажыратудан алшақтап қалған.
Абай хакімнің «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген сөзін жаттап өскендей едік. Қазақ мақал-мәтелдері де күлкі тақырыбын айналып өтпейді. Солардың ішіндегі қатаң ескертілген, қайталап айтқызбағаның жөн бір мақал: «Қатынның қары күлегеш, еркектің қоры күлегеш».
«Оны түсінетін бала қайда» дегендей, бүгінде не болса соған күліп кеткеніміз өтірік емес. Үйде де күлеміз, түзде де күлеміз. Ойда да күлеміз, тойда да күлеміз. Сол ес-түссіз күлген бетіміз бүкіл рухани әлемімізді, концерт сахналарын дейсіз бе, көгілдір экрандарды дейсіз бе, даңғой дарақы күлкіге толтырып тастағанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз.
Қазақ сахарасында, оның ішінде Арқа жазығында күлкінің дәстүрлі үлкен мектебі өткенін осы күні қайсымыз айта алғандаймыз. Қалың қаракесектің Шаншар абызынан тарайтын жұртты Шаншардың қулары деп атаған. Бойларындағы қуақы мінездерімен, өткір сықақ-келемеждерімен, шанышпа, қағытпа, әжуа-қалжыңдарымен халық арасында үлкен беделге ие болған тұқым. Кезінде Текебай, Қантай, Тонтай, Торсықбай сияқты қулар ел есінде әділ әзілдерімен қалыпты. Ұлы Абайдың нағашылары туралы сөз еткенде тура осы Шаншарлардың еліне соғамыз. Едірей, Егіндібұлақ, Балқантаудың етегіндегі Қу болысының Шаншарлары туралы айтып бастаймыз. Мұхтар Әуезов бұл тұқым жайлы: «Абайдың өз шешесі Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы болады. Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан Қантай, Тонтай қалжыңмен даңқы шыққан белгілі мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер. Бұл әдет – Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез. Осы Шаншардың бұрын-соңды заманға шейін аузынан тастамайтын атақты қуы – Тонтай. Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі боп кеткен. Түгелімен бастан-аяқ жеке-жеке күлкі әңгімеден құралады. Сол әңгімелерге қарағанда Тонтайлар – қалың қазақ ортасының үнемі көңілін көтеріп жүрген, таусылмайтын думан, ұдайы қызық күлдіргісі. Осы Тонтайдың інісі Тұрпаннан туған әйел бала – Ұлжан. Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы әбден белгілі болған: ... кесек қалжың, әжуаға да Ұлжан көнтерлі, созырлы, тапқыр болған...» дейді.
Қатты сырқаттанып, үшкіртуге тағы молла шақыртпақ болған бала-немерелеріне сол Тонтай: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас» деп өз бетін өзі жауыпты.
Міне, қазақ күлкісінің терең қойнауы, қазақ күлкісінің қатпар-қатпар әдебі, ішкі философиясы. Жалпы, біз білетін өмір формуласы бойынша өмірге жылап келіп, жылап кетуіміз керек еді. Тонтай жылап келіп, күліп кетеді. Мұны қартайған Қиясбай қыр басында бала-шағамен ойнап тұрып Абай хакімге: –– Абай аға, осы адам баласы анасынан жылап туа ма, күліп туа ма? – дейді. Бұған Абай: – Күліп туу жаратылыстың заңында жоқ қой, – деп жауап қайтарды. – Олай болса, – деді Қиясбай, – дүниеге жылап келген адам баласы, күліп өлмейді. Сондықтан бұл фәниге кейіспен келген пенденің, алдамшы дүниеге аяғын шалдырмай, өмірін өкінішсіз өткізіп өлген бірде-бірі жоқ. Ал мен дүниенің өзін мазақ етіп жүрген жоқпын ба? – депті.
Мұндай түбі терең күлкілі картиналарды «Абай жолынан» көптеп кездестіруге болады. Бір ғана Жұман қырттың әңгімелері қазақтың кем-кетік мінезін түгендеп, қолыңа ұстатқандай емес пе? Одан бөлек Арқаның екінші бір қиырындағы атақты Жынды Ысқақтың марқұм Ақселеу Сейдімбек ағамыз жазып қалдырып кеткен бейпіл сөздері неге тұрады?
Ешбір қазынамызды қорып жүрген жұртқа ұқсамай ыржиямыз. Иә, күлкінің тағы бір түрі қалып барады екен ғой, ыржалақтау... Тіпті ыңғайсыздау күлкі...
Жастау күнімізде кішкентай баланы қытықтап, күлдіріп ойнатсақ үлкендер: – Қойыңдар, баланы қатты күлдіртуге болмайды, шегі түйіліп қалады, – деп тыйып отыратын.
Қазақ та әлжуаз жас сәби сияқты нәзік. Көп күлдірте бермейік, көп күле бермейік.
Ойлы әзілге орын әркезде бар.
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ұқсас жаңалықтар