Экономика • 06 Тамыз, 2020

Стартаптар марафоны – кәсіпке жаңа бағыт

548 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Astana Finance Days аясында 8 елден 15 финтех-стартап Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды.

Стартаптар марафоны – кәсіпке жаңа бағыт

Бұл стартаптар KPMG, Сбербанк, ВТБ, Al Hilal Bank, Microsoft, Beeline, Halyk Bank секілді Орталық Азия корпорацияларына өз жобаларын таныстырды.

Стартаптардың арасында: Multis (Қазақстан) – ең жақ­сы несиелік ұсынысты іздеу; ARNI.io (Ресей) – сөйле­сетін жасан­ды интеллект, адам ретін­де сөйлесетін ақылды іздеу жү­йесі; Boollo.Safe (Гонконг) – сақ­тан­дыру компаниялары ара­сында ең жақсы ұсынысты таң­дауға мүмкіндік беретін сақтан­дыру платформасы; Upswot (Ук­раина) – банктерге шағын және орта бизнестің бизнес жүйе­лері­не API қолдауымен кіру; eCredit (Ресей) – автокөлік өндірушілері мен дилерлері үшін несиелік және сақтандыру өнімдерін сатуды басқаруға арналған платформалары туралы түсіндірілді.

– Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мен Fintechstars Innovation Day барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына тамаша ұйымдастырғаны және қызықты оқиғалары үшін ал­ғыс айтамын. Mastercard бір­неше жыл бойы АХҚО-мен қолма-қол ақшасыз экономика мен төлем технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жасауда жұмыс істеп келеді және біз Финтех Хаб қызметінің пайдасын көреміз, оны дамыту үшін өте үлкен қызмет саласы бар, онын көмегімен қаржылық және басқа шешімдер мен технологияларды жүзеге асыруға болады. Біз барлығына табыс тілейміз, – деді Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Түрік­мен­стан және Өзбекстан ел­дерін­дегі Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.

Стартаптар үшін банктермен, сақтандыру компанияларымен, мобильді операторлармен және Орталық Азиядағы бөлшек сауда орындарымен кездесулер ұйымдастырылады.

– Қазақстан және жалпы Орталық Азия қаржылық инновацияларды енгізу үшін үлкен әлеуетке ие. Іс-шараға дайындық кезінде біз 15 елдің 65 стартап-компаниялары­нан  өті­нім қабылдадық, бұл өз ке­зегінде аймақтың тар­тым­ды­лы­ғын көрсетеді. Фин­тех стартаптарды банктерде, сақ­тандыру, телекоммуни­ка­ция компания­ларында және бөлшек саудада жүзе­ге асырудың көпт­еген мүмкінд­іктері бар. Сон­дықтан біздің мақсат­тары­мыз­дың бірі – әлемнің көпте­ген озық стартаптарын тарту», деді АХҚО Финтех Хабы­ның стартаптарды қолдау бағдар­лама­ла­рының жетекшісі Тарас Волобуев.

Осындай сипаттағы оқи­ғалар аймақтағы финтех-сек­тор­дың дамуына серпін береді. АХҚО Финтех хабын­да 120-дан астам Fintech стар­тап­тың тәжірибеден өтуге, корпора­циялармен байланыс орнат­у­ға, түрлі іс-шараларға қатысу­ға мүмкіндіктері бар. Соны­мен қатар АХҚО ағыл­шын құ­қығына негізделген көп функ­ция­лы құқықтық платформаны, қолайлы салық режімін және орталықтың резидент ком­па­ниялардың операциялық қыз­метін ынталандырады.