Бұл стартаптар KPMG, Сбербанк, ВТБ, Al Hilal Bank, Microsoft, Beeline, Halyk Bank секілді Орталық Азия корпорацияларына өз жобаларын таныстырды.
Стартаптардың арасында: Multis (Қазақстан) – ең жақсы несиелік ұсынысты іздеу; ARNI.io (Ресей) – сөйлесетін жасанды интеллект, адам ретінде сөйлесетін ақылды іздеу жүйесі; Boollo.Safe (Гонконг) – сақтандыру компаниялары арасында ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін сақтандыру платформасы; Upswot (Украина) – банктерге шағын және орта бизнестің бизнес жүйелеріне API қолдауымен кіру; eCredit (Ресей) – автокөлік өндірушілері мен дилерлері үшін несиелік және сақтандыру өнімдерін сатуды басқаруға арналған платформалары туралы түсіндірілді.
– Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мен Fintechstars Innovation Day барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына тамаша ұйымдастырғаны және қызықты оқиғалары үшін алғыс айтамын. Mastercard бірнеше жыл бойы АХҚО-мен қолма-қол ақшасыз экономика мен төлем технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жасауда жұмыс істеп келеді және біз Финтех Хаб қызметінің пайдасын көреміз, оны дамыту үшін өте үлкен қызмет саласы бар, онын көмегімен қаржылық және басқа шешімдер мен технологияларды жүзеге асыруға болады. Біз барлығына табыс тілейміз, – деді Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.
Стартаптар үшін банктермен, сақтандыру компанияларымен, мобильді операторлармен және Орталық Азиядағы бөлшек сауда орындарымен кездесулер ұйымдастырылады.
– Қазақстан және жалпы Орталық Азия қаржылық инновацияларды енгізу үшін үлкен әлеуетке ие. Іс-шараға дайындық кезінде біз 15 елдің 65 стартап-компанияларынан өтінім қабылдадық, бұл өз кезегінде аймақтың тартымдылығын көрсетеді. Финтех стартаптарды банктерде, сақтандыру, телекоммуникация компанияларында және бөлшек саудада жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – әлемнің көптеген озық стартаптарын тарту», деді АХҚО Финтех Хабының стартаптарды қолдау бағдарламаларының жетекшісі Тарас Волобуев.
Осындай сипаттағы оқиғалар аймақтағы финтех-сектордың дамуына серпін береді. АХҚО Финтех хабында 120-дан астам Fintech стартаптың тәжірибеден өтуге, корпорациялармен байланыс орнатуға, түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар АХҚО ағылшын құқығына негізделген көп функциялы құқықтық платформаны, қолайлы салық режімін және орталықтың резидент компаниялардың операциялық қызметін ынталандырады.