Әлем • 06 Тамыз, 2020

Түркия курорттық аймақтарға қатысты мәлімдеме жасады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдегі курорттық аймақтарда коронавирус өршіп тұр деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Түркия курорттық аймақтарға қатысты мәлімдеме жасады

"Курортты аумақта індет өршіген жоқ. Ондай мәселе де жоқ. Біз Анкара, Ыстамбұл, Конье, Диярбакыр, Газиантеп сынды ірі қалаларда ауру жұқтырғандар саны өскенін бақылап отырмыз", - деді министрлік өкілі.

Ол Анталья провинциясындағы коронавирус статистикасына тоқталды. Онда соңғы аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 70-тен 59-ге азайған. Анталья Жерорта теңізі аумағында орналасқан.

Айта кету керек, қазіргі таңда Түркияда коронавирус жұқтырудың 236 112 дерегі тіркелген, ал сауыққандар саны 219 506-ға жеткен. 5784 адам індеттің құрбаны болды.