Технология • 06 Тамыз, 2020

Қазақстан әуе кемесіне Якуп Пархатовтың есімі берілді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация академиясының әуе кемесіне еңбек сіңірген ұшқыш Якуп Пархатовтың есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан әуе кемесіне Якуп Пархатовтың есімі берілді

"Қазақстанның Азаматтық авиация ардагерлерінің бастамасымен Академиядағы әуе кемелерінің біріне еліміздің Азаматтық авиация саласын дамытуға, сондай-ақ жоғары кәсіби кадрлар мен ұшқыштарды даярлау мен оқытуға зор үлес қосқан КСРО еңбек сіңірген ұшқышы Якуп Ангарович Пархатовтың есімі берілді", делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Азаматтық авиация академиясының әуе кемелері алғашқы қазақ ұшқыштары Жолдасбек Нұрымов, Салық Ахметов, Хамит Қалиев, КСРО еңбек сіңірген ұшқыштары Сағынғали Нұрғалиев пен Владислав Марышев, "Құрметті авиатор" Наиля Сейфуллин және екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың есімдерімен аталған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше