Қоғам • 06 Тамыз, 2020

USAID Орталық Азиядағы АИТВ-ның "Флагман" бағдарламасын аяқтады

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азиядағы АИТВ бойынша сәтті болған "Флагман" бағдарламасын аяқтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

USAID Орталық Азиядағы АИТВ-ның "Флагман" бағдарламасын аяқтады

Қазақстанда бағдарлама аясында АИТВ-ға тестілеу, АИТВ талдауы оң нәтиже берген адамдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнату, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өздігінен тестілеуді енгізу көзделген еді.

Жаңа АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларының санын азайту және АИТВ-дан қайтыс болу деңгейін төмендету үшін USAID елдегі АИТВ инфекциясының өсу қарқыны ең жоғары Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыстар атқарды. Соңғы бес жылда USAID 10 000 адамды АИТВ-ға тексерді, олардың 600-ге жуығы өздерінің оң АИТВ-статусы туралы білді. Осы жобаның арқасында АИТВ талдауы оң нәтиже берген тағы 3000 адам өмірлік қажетті ем қабылдай бастады. Аталған шаралар Қазақстанға "ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына" қол жеткізуге көмектеседі, бұлар келешек ұрпақ үшін барынша салауатты әлемнің негізін қалап, бізді ЖИТС індетімен күрестің аяқталуына жақындатады.

"Қазақстан Үкіметі аймақтағы АИТВ/ЖИТС-ке қатысты мәселелерге басшылық етіп, олармен күресу шараларының көп бөлігін қаржыландырады. Қазақстанмен бірге жұмыс істеген кезде қызметіміздің экономикалық тиімді әрі нәтижелі болуын мақсат тұтамыз. "Бізге одан әрі жұмыс істеу қажет маңызды проблемалардың бірі стигматизация болып табылады. АИТВ-ға құпия тестілеу мүмкіндіктерін қолдану проблема болып қалуда, және көптеген адамдар бұрынғысынша ауырғаннан және өзінде ауру белгілерін анықтағаннан кейін ғана тестілеуден өтуде", – деді Орталық Азиядағы USAID аймақтық миссиясының директоры Кристофер Эдвардс.

"USAID ұсынған Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған халықтың негізгі топтары арасындағы жұмысты тіркейтін ақпараттық басқару жүйесі атқарылған қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. ҮЕҰ оларды басқа жобаларда және әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстарда белсенді қолдана бастайды, бұл АИТВ-мен күресуге азаматтық қоғамның үлесін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматологиялық және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

USAID пациенттерді жетелеуге және АИТВ-ға тестілеуге арналған инновациялық тәсілдерді енгізді. 2019 жылдың қарашасынан бастап USAID ҮЕҰ арқылы экспресс-тестілеу мен өздігінен тестілеу шараларын енгізуге көмектесті, бұл 500-ден астам адамды тестілеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар USAID Қазақстандағы ҮЕҰ-лар үшін халықтың негізгі топтары арасында АИТВ індетін қадағалау мен бақылауда ұстауға көмектесетін ақпараттық басқару жүйесін ұсынды. АҚШ Үкіметі USAID арқылы 2003 жылдан бастап АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күресу жөніндегі Төтенше жоспарына сәйкес қаржыландырылатын Қазақстандағы АИТВ-мен күресу бағдарламаларына қолдау көрсетеді, мұның ең соңғы мысалы USAID-тің Орталық Азиядағы АИТВ бойынша "Флагман" бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсету болып табылады.