Қоғам • 06 Тамыз, 2020

COVID-19: Вакцина приматтарды да қорғайды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Novavax" компаниясы жасап шыққан вакцина тәжірибеде жақсы нәтиже көрсеткені жайлы РИА Новости жазады.

COVID-19: Вакцина приматтарды да қорғайды

Компанияның хабарлауынша вакцинаны тәжірибеден өткізуге келіскен 56 еріктінің бойында антиденелер түзілген. Жанама болса да ешқандай ағзаға кері әсері болмаған көрінеді.

Осы вакцинаны ғалымдар приматтарға да салып көріп, оларды да вирустың жұғуынан сақтайтынын айтып отыр. Билл Гейтстің қаржылық демеуімен ізденіске түскен компания жаңа вакцинаны клиникалық тәжірибелерден мамыр айында өткізе бастағанын айтқан еді.