Спорт • 06 Тамыз, 2020

Алекесей Луценко "Милан-Сан-Ремо" веложарысына қатысады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана Про Тим" командасы италиялық "классика" саналатын "Милан-Сан Ремо" додасына қатысады, -  деп хабарлады Оlympic.kz.

Алекесей Луценко "Милан-Сан-Ремо" веложарысына қатысады

Команда құрамы: Алексей Луценко, Алекс Аранбуру, Горка Исагирре, Омар Фраиле, Давиде Мартинелли және Мануэле Боаро.

Команданың спорттық директорлары: Стефано Занини  Джузеппе Мартинелли. Милан – Сан-Ремо  - жыл сайын Милан мен Сан-Ремо арасында өткізілетін бір күндік веложарыс.

Жарыс қашықтығы 298 шақырымға тең және бұл қазіргі велоспорттағы ең ұзақ біркүндік дода саналады.