Қоғам • 06 Тамыз, 2020

10-тамыз Абай күні қазақстандықтарға демалыс беріле ме?

3764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап елімізде 10-тамыз Абай күні ретінде атап өтілетін болады. Осы мереке күні қазақстандықтарға демалыс беріле ме? Әлеуметтік желі қолданушыларан осы сұрақ қызықтыра бастады.

10-тамыз Абай күні қазақстандықтарға демалыс беріле ме?

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер еңбек заңнамасына сәйкес мереке күні ретінде саналады және жұмысшыларға демалыс беріледі.  Мысалы, Жаңа жыл, Конституция күні, Тәуелсіздік күні және т.б айтуға болады.  Бұған дейін Үкімет "Мерекелік күндердің тізімін бекіту туралы" үкіметтің № 689 қаулысына толықтыруды мақұлдаған еді.  

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: "22-1. Абай күні – 10 тамыз".

Осылайша, жаңа мереке "Шахтер күні", "Отбасы күні", "Құтқарушы күні" және басқа да мерекелер тізіміне енгізілді. Сондықтан Абай күні жұмысшыларға демалыс берілмейді.

Еске сала кетейік, биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығы тойланады.