Коронавирус • 06 Тамыз, 2020

Тұманды Альбиондағы COVID-19

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір күнде 892 адамнан вирус анықталғаны жайында Британ үкіметі мәлімдеді, дейді  REGNUM.

Тұманды Альбиондағы COVID-19

Осылайша тұманды Альбион жұртында ауру жұқтырғандар 307 184 жанды құраған. Індет біріккен корольдіктің 46 364 азаматының өмірін жалмап, пандемия кезінде 17 210 335 вирусқа тест тапсырылыпты.

Өткенде Үкімет Басшысы Борис Джонсон ауру етек жаймас үшін шектеудің әзір алынбайтынына қынжылыс білдірген-тін. Шынында да COVID-19-дың қандай алпауыт елдің эконмикасына теріс ықпалын тигізіп тұрғаны анық.

Бұл елде де осы вирус салқынынан тұрғын үй салу қарқыны баяулаған көрінеді. Сала министрі Роберт Дженерик оның төмендеуі 30-40 пайызға дейін түсу мүмкіндігін болжаған. Алайда деген ол, барлығы экономиканың пандемиядан соң қалыпына келу жылдамдығына тікелей тәуелді, ел тезірек індетті еңсеріп кетсе оң өзгеріс туады. Дегенмен келер жыл да сала үшін күрделі болтындай, деген ойын айтқан.