Руханият • 06 Тамыз, 2020

"Philharmonic Online Fest" онлайн-фестивалі өтеді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылғы 11-тамыз бен 11-қыркүйек аралығында "Philharmonic Online Fest"  онлайн-фестивалін ұсынады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Philharmonic Online Fest" онлайн-фестивалі өтеді

Фестиваль аясында көрермендер филармонияның танымал талантты солистері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғабит Несіпбаев, Гүлжан Үзенбаева, Ермек Құрманаев, Әмір Бисенғалиев, Майя Сепп, сондай–ақ музыкалық ұжымдар - Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрін, ҚР Мемлекеттік хор капелласын, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концертін филармонияның әлеуметтік желідегі ресми Youtube арнасы арқылы онлайн форматта тамашалай алады.

Іс-шараның мақсаты - көрермендерге филармонияның концерт залына баруға мүмкіндік жоқ карантин кезеңінде онлайн форматта, әлемдік классикалық музыканың ең үздік үлгілерін тамашалауға, сондай-ақ филармония музыканттарының шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беру.

Фестиваль бағдарламасында қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.