Аймақтар • 06 Тамыз, 2020

ҰБТ кезіндегі академиялық адалдық мәселесі қарастырылды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 17-20 тамыз аралығында шекті балл жинай алмаған, наурыз айында ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, сондай-ақ маусым-шілде айларында нәтижелері жойылып, ҰБТ-ға жіберілмеген және тағы бірқатар тұлға үшін  кезекті ҰБТ өткізіледі. 

ҰБТ кезіндегі академиялық адалдық мәселесі қарастырылды

ШҚО-да С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өтетін тестілеуге ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қатысады.

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев өңірдегі мемлекеттік комиссия мүшелерімен онлайн жиын өткізіп, тестілеу кезінде қандай да бір заңбұзушылықтарға жол берілген жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.  

Атап айтсақ, 2020 жылғы 21 маусым – 1 шілде аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тестілеу ережелерін бұзған 86 абитуриент тестілеуден шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Сондай-ақ ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тест тапсырушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырып, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Жалпы, Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп парасаттылық пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Егер Сіздер тестілеу кезінде қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына тап болсаңыздар, Агенттіктің 1424 Сall-орталығына  қоңырау шалуларыңыз қажет.