Аймақтар • 06 Тамыз, 2020

Қызылордада медиация мәселесі талқыланды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Медиация күніне орай  онлайн конференция болып өтті. Оны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада медиация мәселесі талқыланды

Барша медиаторларды құттықтаған хатшылық меңгерушісі өңірде медиация институтының қанат жаюына үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.  

Шара барысында облыстық сот судьясы Клара Қаниева, облыстық кәсіподақ ұйымы басшысының орынбасары Марат Бәйімбетов, "Бітім" медиация орталығының тренер-медиаторы Ләззат Бақтыбаева мен облыстық "Жастар ресрустық орталығы" КММ бөлім басшысы, психолог Сымбат Әбдірахманова хабарлама жасады.

Конференцияда салаға қатысты мәселелер талқыланып, тұрғындарға бастаманың тиімділігін таныту түсу қажеттігі айтылды. 

Онлайн конференция ZOOM қосымшасы, Қызылорда-Ассамблея фейсбук парақшасы, Kyzylorda.assambleya Instagram әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Сонымен қатар конференция барысында осы жылы ортақ іске үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс және қала әкімдерінің Алғыс хатымен марапатталды.