Руханият • 06 Тамыз, 2020

Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызының асы бір жылдан соң өтеді

2955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызының асы пандемияға байланысты келесі жылы өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызының асы бір жылдан соң өтеді

5 шілдеде Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы өмірден озған еді. Келесі аптада оның  фәни дүниеден бақилыққа аттанғанына 40 күн толады. Немересі Абул Кекілбаев пандемияға байланысты Клара Жұмабайқызының садақа асы келесі жылы өтетінін хабарлады.

"Еліміздегі індетке қарсы енгізілген шектеу шараларын ескере отырып, отбасымыздың шешімі бойынша, анамыздың 1 жылдық садақа асын келесі жылы өткізетінімізді хабарлаймыз", - деп жазды Абул Кекілбаев Facebook парақшасында.