Қоғам • 06 Тамыз, 2020

Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді

818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік әскери дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді

Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.

Министрлік мәліметіне сәйкес, бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.