Қоғам • 06 Тамыз, 2020

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді

"Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы  өспейді", - деп сендірді Ә. Масабаев.

Сонымен қатар ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін,  қалада жылыту  маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.  

"Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер  анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді А. Масабаев.