Қаржы сарапшылары осыған дейін қор, инвестиция нарығындағы ойыншылар банкпен интеграциялануға ықылас танытқан кезді еске түсіре алмай отыр. 2010 жылдан бері қазақстандық нарықта жұмыс істейтін ресейлік «Freedom Holding Corp» таяуда «Kassa Nova банкі» АҚ-ын «Форте банктен» сатып алды. Сарапшылар бұл әлемдік тәжірибеде бар болса да, қазақ нарығы үшін үлкен жаңалық деп санайды.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Бұған дейін қаржы секторы тарихында банктер бір-біріне қосылып, іріленіп немесе жабылған жағдайлар кездескен. Бұл жолы шағын болса да қарызға батпай, Үкіметке алақан жаймай, өз күнін өзі көріп келген қазақстандық банк ресейлік инвестициялық, брокерлік компаниямен бірге құрылтайшының қарамағына өтті. «Kassa Nova банкінің» баспасөз қызметі таратқан деректерде қаржы институты жұмысын жалғастыратынын, мәміле аяқталғаннан кейін банк қызметіне жоспарланған өзгерістер енгізілетіні айтылған.
«Kassa Nova банкі» отандық нарықта 2010 жылдан бері жұмыс істейтінін айта кетейік. 2019 жылдың соңында активі 117 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы 132 млрд теңгеден 11% -ға аз. Таза пайдасы
2 млрд теңге болып, бір жыл бұрынғы 1,45 миллиард теңгеден 38 пайызға артты. Яғни өз күнін өзі көрген банктердің бірі. Ал оның сатылуы – құрылтайшысының қалауымен болғаны анық.
«Freedom Holding Corp» басшысы Тимур Турлов журналистермен онлайн кездесуде жеке банк ашуды біраздан бері жоспарлап жүргенін де айтып өтті. Бірақ лицензия мен басқа да құжаттарды алуға жылдар кетеді.
– Біз бұл қызмет түріне барынша тезірек араласқымыз келді. Нарықта беделі бар, ашық құрылымы, бизнесі, портфолиосы бар шағын банктер аз. Қазақстандық банкті сатып алу бізге оны клиенттер үшін барынша ыңғайлы етуге, жоғары технологиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз инвестициялық-банктік сервисі бар заманауи банк құрғымыз келеді, – деді ол.
Тараптар Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушыларды қорғау комитеті мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын күтіп отыр. Мәміле аяқталғаннан кейін «Kassa Nova банкі» ресейлік холдингтің еншілесіне айналады. Аталған қаржы институты 2009 жылы құрылды, қазір Қазақстан бойынша 9 филиалы бар. Осыған дейін брокерлік, диллерлік және депозитарлық қызметті жүзеге асырып келген «Freedom Holding Corp» компаниясының бағытын және саясатын әртараптандырып, банк секторындағы қолын ұзартады. Ресейлік компания бұған дейін инвестициялық бағытта басымдық берген-ді.
Сарапшы Ерлан Ибрагим инвестициялық компания мен банк арасындағы ерекше мәміленің тамыры тереңде жатқанын айтады. Мәселе Қазақстандағы құнды қағаздар нарығы бизнесі ашық, жариялы түрде жүргізілмегенінде жатыр. Негізі, құнды қағаздар нарығы бір-біріне қол ұшын беріп, ортақ корпоративтік кассаға ақша салу немесе бір компанияның екінші компанияға қарызға ақша беруі деген сияқты қарапайым дүниелерден тұрады.
– Құнды қағаздар нарығының дамымауының бір себебі – нарықтың басым бөлігін құрайтын жекеменшік компаниялар табысын ашық, жариялы етпеуінде, есебін көрсетпеуінде. Қазақстанның компанияларына ашық акция нарығы арқылы қаражат тарту қажеттілігі болған жоқ. Компанияны қаржыландыру әуелден-ақ банктер арқылы жүзеге асқан. Сол себепті де қор нарығы дамымай, кешеуілдеп қалды. Оны дамытуға банктер де ниет танытқан емес. Жекеменшік бизнесті мұндай жағдайдың толық қанағаттандыратыны да түсінікті, – дейді Ерлан Ибрагим.
АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Freedom Holding Corp банк «Kassa Nova банкі» АҚ-тың 9,3 млн жай акциясын сатып алады. Сатып алуға бөлінетін сома шамамен 41 млн доллар болады. «Freedom Holding Corp»-тың банк нарығына «бес қаруын сайлап, ауыр салмақты ойыншы» ретінде енгенін және алдағы уақытта қор нарығына да, банктерге де бәсеке қалыптастыра алатынын байқатып тұр.
– Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болғанына бірнеше жыл болса да, банктер «комфорт аймақта» өмір сүрді. Бұл жағдай сырттан келген шетелдік банктерге аса жайлы болмады. Осыдан бірнеше жыл бұрын «АТФ банкті» сатып алған италиялықтар көп ұзамай елдеріне кетіп қалды. Осындай жағдайды біздің елге келген «Аmro bank» те бастан кешті» дейді Ерлан Ибрагим.
Оның пайымдауынша, қазақстандық банктер ДСҰ-ның бейімделуге берген мүмкіндігін пайдалануы, шағын банктердің күш алуына мүмкіндік беруі керек еді.
– Өткенді айта бергеннен түк шықпайды. Біз енді бірер жылда ДСҰ жағдайында, бәсекелестік орнаған нарықта өмір сүреміз. Қазақстандық банктердің қалай бейімделгенін алдағы уақытта білетін боламыз. Ресейлік «Freedom Holding Corp» банк секторына кіргені – бізге ескерту. Ол жаңа ойыншы емес, ішкі жағдайды, қандай шешім қабылдауды бес саусақтай біледі. Күні ертең бірнеше банкі бар инвестициялық компаниялар немесе бірнеше инвестициялық компаниялары бар банктер келуі мүмкін. Біз де қор нарығының мүмкіндіктерін жаңа жағдайға бейімдеуіміз керек. Банктер мен қор нарығы бір-бірін бәсекелес көріп келген саясат келмеске кетті, – дейді Ерлан Ибрагим.
Қаржыгер Ілияс Исаев айтқандай, дүние жүзінің банк жүйесі англосаксондық және роман-германдық моделімен жұмыс істейді. Англосаксондық жүйе қор биржасының жұмысын шектеп тастайды, ал роман-германдық жүйе қор биржасымен интеграцияланып жұмыс істейді. Ал біздің елдегі банк жүйесінің жұмысы англосаксондық жүйесінің ең сауатсыздау формасына көбірек ұқсайды екен.
– «Kassa Nova банкі» алдағы уақытта өзінің бағытына қор нарығы мен инвестициялық бағыттың бірнеше элементін енгізумен шектеледі, елдегі банк жүйесіне бірден өзгерістен енгізеді деуге әлі ерте. Ол өзгерісті енгізуге өзіміз мүдделі болуымыз керек. Қор нарығы дамуы үшін халықтың қаржылық жағдайы соған сай болуы, халықтың кем дегенде 15 пайызының оның жұмысына қатысуы керек. Бұл көрсеткіш бізде 1 пайызға да жетпейді. Халықтың қаржылық сауаты да мәз емес. Банктердегі проблемалық несие 10 пайыздан асып кетті. Ішкі нарықта ресейлік компаниялар баршылық. «Дәл қазір «Freedom Holding Corp»-тың қор нарығының инвесторы болуының өзі бізге олжа, – дейді Ілияс Исаев.
Сарапшы айтқандай, қаржы дағдарысы кезінде ресейлік «Freedom Holding Corp» банк нарығына енуі банк жүйесіне серпіліс әкелуге тиіс. Коронавирустық пандемия банк жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Елдегі қаржы институттарының шетелдіктердің иелегіне өтуі алдағы уақытта жалғаса беруі бұл процестің елге инвестициялық компаниялары бар шетелдік банктердің кіруімен қатар жүруі әбден мүмкін.
ДСҰ мемлекетке жергілікті банктерге алабөтен ықылас танытуға мүмкіндік бермейді. Енді шетелдік банк те, қазақстандық банк те тең мүмкіндікпен өмір сүруі керек. Елде жекешелендірудің жаңа толқыны басталды. Бұл процесс бізге қырағылықты еселеп күшейтудің кезі келгенін сездіріп тұр.
– Осыған дейін Үкімет немесе банктер тарапынан «жүйе құрушы банктер» деген ұғымға басымдық берілді. Бұл үстемдік банктердің бір-біріне жұтылып кетуіне жол ашты. Қазір банк секторында үлестің кем дегенде 70-80 пайызы ірі қаржы институттарының үлесінде. Елдегі ірі банктер ендігі жерде тәбетін шектеп, шағын банктердің қосымша тыныс алуына мүмкіндік беруі керек. ДСҰ талабы бойынша, банктердің арасындағы тартыс шахмат ойынына көбірек ұқсайды. Шахмат заңы бойынша королге тек тек ферзь ғана емес, пешкі арқылы да мат қоюға болады. Осыған дейін шағын банк ретінде бағаланып келген «Kassa Nova банкі» енді шетелдік ойыншының қолында қандай күшке айналатынын біз әзірге білмейміз, – дейді Ілияс Исаев.
Алдағы уақытта өздерін ферзь санайтын таңдаулы банктер ұсақ банктердің де жағдайына қарайласса ғана қауіпсіздік бақылауда болады. Себебі күні бүгінге дейін Үкіметтің ықыласына ие болып келген ірі банктер ДСҰ жағдайындағы бәсекелестікте атмосфераны өзгерте алмайды.
АЛМАТЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Ұқсас жаңалықтар