«Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аяқталды. Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басқару органдары Ресей Қарулы Күштері өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қорғаныс операциясын және шартты қарсыласты жоюды жоспарлау жөніндегі міндеттерді сәтті орындап шықты.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша шартты қарсылас біздің әскерлерге зымыран-бомбалық және авиациялық соққы жасай отырып, іргелес мемлекеттің аумағын басып алуға барын салды. Алайда, біздің әскерлердің жақсы ойластырылған және ұйымдастырылған қорғанысы, сондай-ақ, Құрлық әскерлерінің күйрете соққан қарсы шабуылдары қарсыласты жеткен шебінде тоқтатып, әуеден көрсетілген қолдау арқылы оған барынша көп шығын келтірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы 2013 жылғы 8-12 қазан аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында Құрлық әскерлерінің («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері, мотоатқыштар, артиллерия бөлімшелері, Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімдері) және Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері авиациясының қатысуымен өтті.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер жауынгерлік басқару органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында оқу-жаттығуға Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жедел тобы тартылған болатын.
Командалық-штабтық үлгіде өткен «Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов басшылық жасады.
«Егемен ақпарат».