Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Бір айда 20 млн теңге айыппұл

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 5 шілде-5 тамыз аралығында карантин талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға салынған айыппұл 20 млн теңгеден асқан деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір айда 20 млн теңге айыппұл

Өткен бір ай ішінде Батыс Қазақстан облысында санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін, карантин тәртібін бұзып, келушілерді қабылдағаны үшін, жеке қорғаныс құралдары болмауы себепті 3 заңды тұлға, 17 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тартқан екен.

Бұған қоса 291 жеке тұлғаға санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзып, тұрғындарға қауіп төндіргені үшін, 20 адамға көпшілік шараларды ұйымдастырғаны үшін, 18 адамға қоғамдық орында бетперде тақпағаны үшін және сағат 23.00.-ден кейін жеке автокөлігімен жүргені үшін 231 жүргізушіге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

Осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық хақында толтырылған 311 хаттама бойынша жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге барлығы 20 001 600 теңге айыппұл салынған.

Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті халықтан карантин шараларын қатаң сақтауды талап етуде.