Әлем • 07 Тамыз, 2020

АҚШ-та сауық кеші жасырын өткен үйлерде су мен жарық өшіріледі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та сауық кеші жасырын өткен үйлерде су мен жарық өшіріледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-та сауық кеші жасырын өткен үйлерде су мен жарық өшіріледі

Енді жасырын түрде сауық кештерін өткізген азаматтардың үйінде су мен жарық өшіріледі. Өйткені соңғы уақытта шаһарда жастардың жаппай жиылып, шектеу шараларын бұзу оқиғалары жиілеп кеткен.

Сондай-ақ жастар арасында коронавирус инекциясының таралуы жиілеген. Лос-Анджелесте соңғы тәулікте 2 мың 300-ден аса жаңа дерек расталса, солардың 60 проценті – 18 бен 49 жас аралығындағы тұрғындар болып шықты. 

Айта кету керек, қазіргі таңда АҚШ-та 4 882 433 адам коронавирус жұқтырды. 1 598 624 адам індеттен жазылып шықты. 160 091 адам коронавирустан қайтыс болды.