Қазақстан • 07 Тамыз, 2020

40 мың пациент үшін 8,7 млрд теңгеге дәрі сатып алынады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КВИ емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің дефицитін жою бойынша қабылдаған шаралар туралы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

40 мың пациент үшін 8,7 млрд теңгеге дәрі сатып алынады

Ең алдымен, қысқа мерзімде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешуге көмектесетін шұғыл шаралар кешені жасалды:

  • КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың айлық қорын 2,6 млрд теңгеге жөнелту.
  • 40 мың пациент үшін 8,7 млрд теңге сомасына қосымша мөлшерде сатып алу.
  • 24 млрд теңге сомасына 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша 2 айлық резерв қалыптастыру.
  • Сұранысқа ие препараттарды бөлшек саудада өткізу.


Компанияның логистикалық процестерін жаңғырту жүргізілді. Жағдайды өзгерту үшін логистикалық формат статикалық форматтан динамикалық форматқа өзгертілді.

  • КВИ бойынша жедел жағдай кезеңінде барлық дәрілік заттар медициналық ұйымдарға жіберіледі.
  • Кезекші топтарды қалыптастыру жолымен қойманың 24/7 режиміндегі жұмысы;
  • Жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты;
  • Жөнелту мерзімін 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарту;
  • Тауарды Хабтан аймақтарға Cross-docking қағидаты бойынша бөлу;
  • Дәрілік заттарды есептеуді жеделдету үшін қойма қызметкерлерінің саны артты;
  • Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету үшін авиакомпаниялармен келісім;