Қазақстан • 07 Тамыз, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

636 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауылды жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +17+19.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +21+23.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.

Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +17+22.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +18+23.

Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с шаңды дауыл соғады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +14+19.

Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +20+25.

Қызылорда облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +20+25.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз +29+34, түнде +17+22.

Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.

Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, күн ысиды, кей жерелрде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +11+16.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +19+24.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +18+23.

Павлодар облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +30+35, түнде +13+18.

"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді", - деп ескертті синоптиктер.