Әлем • 07 Тамыз, 2020

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды. Оқиға Кожикоде қаласындағы әуежайда орын алды. Бұл туралы ақпаратты SV News в Twitter-де таратты.

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды

Кем дегенде үш адам қаза тапқан. Оның бірі ұшқыш.

Reuters жергілікті полицияның мәліметіне сүйене отырып, 35 адамның жараланғанын анықтады. Мұндағы деректер бойынша ұшақ бортында 184 адам болған. Оның ішінде кәмілет жасына толмаған он бала және 6 экипаж мүшесі бар.

Мұның алдындағы хабар бойынша ұшақта 191 адамның болғаны айтылған еді.

Ұшақ Дубай — Кожикоде бағытында жолаушылар тасымалдаған.

Ұшу-қону жолағынан шығып кеткен ұшақ бөлініп қалған.