Спорт • 08 Тамыз, 2020

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8-финалының матчтары тікелей эфирде

1 мин
оқу үшін

7-8 тамыз аралығында Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8-финалының матчтары тікелей эфирде

1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңында өтеді.  

Ширек финалға өткен 4 команда: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг». 
Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. 

Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды. 

УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі: 
 
«QAZAQSTAN» телеарнаcы: 
7 тамыз - «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид». Уақыты: түнгі сағат 00:50  
8 тамыз - «Бавария» - «Челси». Уақыты: түнгі сағат 00:50 
  
«QAZSPORT» телеарнаcы:  
7 тамыз - «Ювентус» - «Лион». Уақыты: түнгі сағат 00:50  
8 тамыз - «Барселона» - «Наполи». Уақыты: түнгі сағат 00:50.

Соңғы жаңалықтар

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20