Биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп құрылыс пайдалануға беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Инстраграмдағы" парақшасында жазды.
"Территория комфорта-1" нысанының блоктары бұзылған жерде құрылыс жұмыстары қайта басталды. Кейбір блоктарда жұмысшылар қада қағу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2004 жылы басталып, одан кейін тоқтап қалған болатын. Ешқандай талаптарға сәйкес келмегендіктен, бұл үй апатты деп танылды. Мұндағы үлескерлер саны 500-ден астам адамды құрайды. Биыл өткен жылмен салыстырғанда пайдануға берілетін үй саны екі есе көп, яғни 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады", деп жазды Алтай Көлгінов.